• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2017

Павлодарда Усолка өзеніне  көпір салынды

253 рет
көрсетілді

Облыс орталығында ашылған жаңа көпір ұзындығы 87, ені 4 метрді құрайды.

Қуаты 60 тонна жүк алып өтуге жетеді. Көпірдің құрылысын  «ҚазАвтоЖол» АҚ жергілікті бөлімшесі, «Павлодар өзен порты» АҚ және «Стальмонтаж» ЖШС   төрт айдың ішінде бітірді.

Көпірдің ашылуына  облыс әкімі Болат Бақауов та қатысты. Әкімдіктің хабарынша, құрылыс бюджеттен тыс қаржының есебінен жүргізілді. Құрылысшылардың айтуынша, олар 28 бағананы өзен арнасына қадап, олардың үстінен салынған темір белдеулер мен қоршаулармен бекітіпті.

Енді павлодарлықтар мен қала қонақтары көпір арқылы Усолка өзенінің арғы жағалауына өте алады. Облыстық әкімдіктің хабарына қарағанда, алдағы жылдары бұл жерде биатлон және триатлонға арналған орындар жасалады. Өзен алабындағы 15 гектар жерде этноауыл салынады.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»

Павлодар